Category Archives: Ақша табудың айласы

Экономикалық демеудің интернеттегі құрығы

Сенің көңіліңдегі басқа планета адамы қандай?

This slideshow requires JavaScript.


Синьхуа агенттінің сайтында «Әр адамның жүрегінде өз арманындағы басқа планета адамы бар. Сіз ойлаған басқа планета адамы қандай?» деген тақырыпта бірнеше суреттерді берген екен. Енді сол суреттер сіздердің назарларыңызда. Сіздің қиялыңыздағы басқа планета адамы қандай? Олар тіпті адам бейнесінде болмауы да мүмкін ғой… 🙂

Advertisements

Қытайда құлтемірлер қызмет көрсете бастады

27 желтоқсан күні, ас тасыған құлтемірлер кафеде қызмет етуде. Суретті түсірген Шин Хуа агенттігінің тілшісі Шұй Сұ Хуй

27 желтоқсан күні, ас тасыған құлтемірлер кафеде қызмет етуде. Суретті түсірген Шин Хуа агенттігінің тілшісі Шұй Сұ Хуй

Жақында қытайдың Жи Нән қаласында құлтемір(робыт) адам қызмет өтейтін асхана сынақ ретінде ашылды. Асханада қазір 11 құлтемір адам жұмыс істейді. Олар тағам жеткізу, қонақ күтіп алу және ойын көрсету сынды үш түрлі жұмысты атқара алады. Бір уақытта жүз қонақ қабылдап, қызмет көрсетуге мүмкіндіктері бар.

————————–
Ақпарат көзі: «Халық» торабы 28.12.2010

Шабыт қайдан келеді?


Менің қытай тілінде оқитын сүйікті журналым «Оқырман»(«读者») деп аталады. Адамның өмірінен және тіршіліктің шырқаулы сәттерінен шабыт алар тұсты керекмет қиуластыра жазатын қысқа-нұсқа жазбалары мені қызықтырады. Бірде мынадай әңгіме оқыдым: « Үлкен қаладағы белді университеттердің бірінде оқитын студент жігіт бір ақшалы байдың үйін ақтап беруге келіпті. Үй иесі тапсырма беріп өз жұмысына кетеді. Жігіт те қызыметіне кіріседі. Үйдің бір қабырғасын ақтап болған ол, келесі қабырғасын да асықпай, аспай-саспай ыждағатпен ақтап шығады. Екінші қабырғасын болғасын, айналып барып бірінші қабырғасына қараса, ол әлдеқашан кеуіп кетіпті де, бұл жерінің реңі енді тәмәмдаған қабырғасынан өзгаше болып қалыпты. Сасып қалған ол, бірінші қабырғаны қайтадан ақтай бастайды. Read the rest of this entry

Хакерлер принципі

Тегін еңбек жоқ, бәрібір ақшадан айрласыз

Тегін еңбек жоқ, бәрібір  ақшадан  айрласыз

Бұл  жазбаның авторы  Қазақсофт  сайтының  құрушысы  Ойлан  мырза. Арамызда  жүрген  хакерлердың  көзіне  шалынып  жатса  бір пайдасы  тиер  деген  үмітпен  төте  жазудан  криллге  түсіріп  қойдым. Қазақсофт  сайтында  «Қазақ хакерлер ұйымы  қажет  пе?» деген  тақырыпта  арнаулы  осы  салаға  байланысты  пікірталас  та 
жүргізілгенін  ескерсек, қазақ  компьютер  әуескерлері  бір шаңырақтың  астына  жиналып  ұлттың  жаңа  заман  техниксы 
үшін  күресін  алға  ілгерлетсек  деген  ізгі  тілегі  ортаға  қойылған. Көптеген  адамдар, әрине, қолдау  білдірген, бірақ, атқарған  ісінен  гөрі  айқайы  көп  біздің  жұртта  мұндай  шараны 
атқарудың  өзіне  көп  жапа  керек  шығар  деп  ойлаймын.
1. Әрқандай  бір программаны  қара  ниеттілікпен  бүлдірмеу  керек, бұл  сізге  тек  қана  әурешілік  тудырады.
2. Әрқандай  бір системаны  немесе  материялды  өзгертпеу  керек. Егер  системаға  сұғанақтық  жасау  үшін  өзгерткен  болсаңыз, онда  мақсатыңызға  жетіп  болған  соң  әуелгі  қалпына  келтіріп  қойыңыз.
3. Өзіңіз  шабуыл  жасамақшы  болған  ғаламтор  адресін 
жеңілтектікпен  басқаларға  айтып  қоймаңыз(мүлдем  айтуға  болмайды). Read the rest of this entry

Қытайдың қай жерінен үйренуге болады?


Әлемдегі түрлі халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері, олардың болмысын қалыптастырып, мәдениет ретінде әйгілі болған. Ұлыттық намыс, тіл, дін сияқты өз этносымыздың нәзік тұстарын бірер минутқа ұмыта тұрып, алқып шығып басқа халықтарға да сырт көз ретінде қарап көрсек. Айналамнан қытай туралы сөз екпінін еміс-еміс ести бастасам шүпір-шүпір қайнаған базар немесе жүріліп жатқан ауыр өнеркәсіптің құрылыстары елестейді және жапакеш қара шалдың беймәлім көшеде қоқыс тере бастағаны бар. Сірә бұл халықтың тосын дамып, күллі ғалам назарын аудара бастауын жоғары биліктен емес қарапайым еңбекші шаруаларының бойынан қарастырып, байқастасақ мынадай тізбек шығады екен. Read the rest of this entry

Қытайлар адам етін жей бастады

Қазақ:«Алладан қорықпағаннан қорық» дейді. Діні жоқ, Құдайы жоқ халықтардың бірі болса, ол – қытай жұрты. Бұдда діні, Дау Жияу діні қатарлы сенімдер біршама уақыт үстемдік құрғанымен, бәрібір қазіргі күнде «аспан асты» елінде жаппай дінсіздік етек алған. Мейлі, пенденің азғындап бірін-бірі сойып жей бастаған бүгінгі күн болсын, мейлі, өткен тарих болсын қытай ұлты жөнінен адам жеу тым таң қаларлық жағдай емес. Ерте замандардан қалған әдеби классикалық шығармаларда да, халық емшілігінде де, барлығында әйел адам босанғаннан кейінгі бала жолдасын немесе шетінеген сәбиді жеу адам жасын ұзартады деген түсінік ертеден келе жатқан құбылыс. Қытайдың Сы Чуан(四川省), Гуаң Дұң(广东省) сияқты адам көп, қоғам былыққан өлкелерінде кісі етін асқа қосып бизнес жасап отырған адамдар өте көп. Халық түсінігіндегі – кісі етін жеу белсіздікті жояды деген теріс пайымды қауесет ретінде таратып, өз саудаларына жол ашқан бұл алаяқтар. Адам етін жеу – негізінде алғашқы қоғамға тән қасиет болса керек. Қытайдың абыз жазушысы Лу Шүннің:«Қытайлар әлі де болса адам жейтін ұлт»( 鲁迅 )中国人尚是食人民族 ) деген сөзі бар. Ал, қытай халқының арасында:«Жүгірген аң, ұшқан құстың бәрін жеуге болады» (天上飞的،地上爬的都能吃) деген де сөз тараған. Read the rest of this entry

Үздік жастарға тән жеті ғадет


1 -ғадет* : өмірге құлшын;
2 -ғадет : алдымен нысана белгілеп соңынан қимылда;
3 -ғадет : маңызды жұмысты алдымен істе;
4-ғадет : екі жақты жұмыс әдісін пайдалан;
5 -ғадет : басқаны түсінуден бұрын, басқалардың өзіңді түсінуіне қол жеткіз; Read the rest of this entry

%d bloggers like this: