Category Archives: Ақ дастарқан

Қазақы ас-тағамдар

Либияның аспаны қалың ұшақ

Либияның аспаны қалың ұшақ,
Каддафидың кескендей сәнін пішақ.
Саркозидың асты ғой алапасы,
«Одиссейдің» шалқыған әні құсап.

Келе жатыр алдыда сәуір айы,
Біреулерге сәуір айы сары уайым.
Дүниені оңар деп өлеңдей қып,
Қолымда билігім жоқ не қылайын? – деп өлеңдетіп отырсаң, ә…

Наурыз мерекесі, ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, еліміз ырысты бола берсін!

Өлең авторы: Құсни

Advertisements

Ұстаздық ұлағаты улаудан аулақ

Жаңа медианың ықпал күші

Жаңа медианың ықпал күші


Бүгін Кәкен ағайдың соңғы сабағы болды. Фелетон туралы айтты. Иә… есті сабақтың, өз мамандығымның қадір-қасиетін жеріне жеткізіп санаға сіңірген қадірлі ұстаз көзіме ыстық көрініп тұрды. Сабақ демекші, бәрі осы сабақтан бастау алып, қайта айналып тағы осы сабақ өміріне тіреліп жатады. Қашып құтылмайсың, қусаң жеткізбейді. Ол, әрине, білген сайын қызық болар, ал білмеген сайын жек көре түсетін наз бен үмітке толы, қынжылыс пен махаббат та қатарласа қалып, қапылысы мен қарпысын тең ұсынатын қызықты өмір ғой. Read the rest of this entry

Құлақ жемейтін бала «құлағыңды» жейді


Қазақ дәстүрінде, бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езіуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне:«мә, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» деп береді. Бұл«Құлақ беру» деп аталады. Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тәлім-тәрбиелік және ғылми мәні бар, яғни, жасынан қариялардың қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялағыш, сөз тыңдағыш, сөз қадырын түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді. Әдепті, ибалы болуға дағдыланады. Read the rest of this entry

Дәптердегі «әптер-тәптер»


Дәптер деп отырғаным кәдімгі кафе немесе асхана, тамақханалардағы тамақтың тізімі жазылған дәптер. Ас мәзіріне көз жүгіртіп, қонағыңызға немесе өзіңізге тамақ бұйыртып отырғаныңызда, байқаңыз, жаңа ғана қолдан-қолға өтіп, асқа тапсырыс берген адамдардың алдынан сізге келген «Ас мәзірінде» толып жүрген бактериялардың бар екенін көп адам ескере бермейді.
Ендеше, сол дәптерді ұстаған қолыңызбен ас ішетініңіз анық. Ал онда, не жұтып, не қойғаныңызды түсінген боларсыз?!
«Ас мәзірі» дәптері ұзақ уақыт қолданыста болатын дүние, онда көптеген вирустар мен бактериялар өмір сүреді. Мысалы, жуан ішек таияқша бактериясы, зең бактериясы, гендік өзгеріске ұшырған бактериялар және сан алуан қоздырғыш бактериялар. Бұл «өнімдер» әне сол сияқты жерлерде пайда болады.
«Әптер-тәптер» дәптердің сыры міне осында. Есіңізде болсын, асқа тапсырыс беріп болғаннан кейін қолыңызды шәйіп жіберуді ұмытпаңыз!!!

Мәліметтер қайнары: Күлтегін мүшесі Мираның жазбасынан

Екі көзі төрт болған…

Екі көзі төрт болған...

Екі көзі төрт болған...

Мейлі қай жерде болмасын алысқа кеткен баласын, студент атанып шалғай қалада жүрген құлыншақтарын сағынған ата мен ана қазақ жұртының әр шаңырағынан табылады. Мына суреттегі үй біздің қыстаудағы үйге қатты ұқсайды екен. Көріп көңілім босап, жаным құлазып қалды. Мені де осылай күтіп отырған болар…

Допқұмарларға кеңес

Аңсатқан әлемдік дода басталды. Допқұмар достан түнімен бәсекені тамашалаудың өз денсаулығыңызға да жасайтын әсерін ұмытпағаныңыз әбзал. Түнімен көз алмай теле экранға қарау, әдетте бас айналу, құсу, қант құрамын төмендету қатарлы жайттерді келтіріп шығарады. Шипагердің кеңесіне құлақ түрер болсақ, жарысты тамашалаймын деген көрермен күндіз ұйқысын қандырумен бірге азық-түлікке көңіл бөліп, оңай қортылатын, оңай сімірілетін, азықтық қуаты жоғарты тағамдармен азықтану туралы кеңес айтады. Байрақты бәсекені тамашалап болғаннан кейін ыстық суға жуыну немесе сүт ішу қалжыраған тән қуатыңызды қалпына келтіруіңізге септігін тигізеді.

УЫЗ

Киіз үйде ас ішсең, бойыңда қалар нәрлілік

Жаңа төлдеген малдың алғашқы сүтімен псіреді. Төлі емгеннен кейінгі сүтті жинап бүйенге, ішекке құйып қайнатады. Суыған соң дөңгелектеп турап, асылған етпен бірге дастарханға тартады.

Қайнар: «Тарбағатай-Ақпарат»

%d bloggers like this: