Category Archives: Бір мың тоғыз жүз сексен алты

Күліп қой да, өте шық немесе мерекелік сый


Жеңіліс пен сәтсіздікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі үмітті сенімнің бейнесі, соңынан жігеріңді жина, ол сенің батырлығың.
Түсініспеушілік пен өшпенділікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі кеңдіктің бейнесі, соңынан өз азаматтығыңды сақта, ол сенің сабаздығыңның белгісі.
Мақтау мен марапатқа бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі сергек кішпейілділіктің бейнесі, соңынан алға басуды доғарма, ол жақсылықтың нышаны.
Уайым мен қайғыға бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі көңіл орнықтырудың жолы, соңынан құлшына оны жоғалтудың қамына кіріс, ол тек қана шекарасы бар дүние ғана, әлем кең. Read the rest of this entry

Шабыт қайдан келеді?


Менің қытай тілінде оқитын сүйікті журналым «Оқырман»(«读者») деп аталады. Адамның өмірінен және тіршіліктің шырқаулы сәттерінен шабыт алар тұсты керекмет қиуластыра жазатын қысқа-нұсқа жазбалары мені қызықтырады. Бірде мынадай әңгіме оқыдым: « Үлкен қаладағы белді университеттердің бірінде оқитын студент жігіт бір ақшалы байдың үйін ақтап беруге келіпті. Үй иесі тапсырма беріп өз жұмысына кетеді. Жігіт те қызыметіне кіріседі. Үйдің бір қабырғасын ақтап болған ол, келесі қабырғасын да асықпай, аспай-саспай ыждағатпен ақтап шығады. Екінші қабырғасын болғасын, айналып барып бірінші қабырғасына қараса, ол әлдеқашан кеуіп кетіпті де, бұл жерінің реңі енді тәмәмдаған қабырғасынан өзгаше болып қалыпты. Сасып қалған ол, бірінші қабырғаны қайтадан ақтай бастайды. Read the rest of this entry

«Аллажар» фильмінің толық нұсқасын көріңіздер

Сурет: google.kz-тен алынды


1986 жыл. Осынау ардақты уақттың артындағы көлеңке барған сайын ұлғайып бара жатқан сияқтанады. Тіпті, бірнеше күн әуре болсам да ғаламтордан мен көшедегі жаймалардан фильмнің толық нұсқасын таба алмаған едім. Енді осы бейнебаянның толық нұсқасын көруге мүмкіндік туып отыр. Қытайдағы ең үлкен бейнепортал http://www.56.com-ға Торап(интернеттегі бүркеншік ат) есімді азамат шығарып қойған екен. Сол жақтан сіздер де көре аласыздар деген үміттемін. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: