Category Archives: Еркек құпиясы

Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді. Read the rest of this entry

Advertisements

Шабыт қайдан келеді?


Менің қытай тілінде оқитын сүйікті журналым «Оқырман»(«读者») деп аталады. Адамның өмірінен және тіршіліктің шырқаулы сәттерінен шабыт алар тұсты керекмет қиуластыра жазатын қысқа-нұсқа жазбалары мені қызықтырады. Бірде мынадай әңгіме оқыдым: « Үлкен қаладағы белді университеттердің бірінде оқитын студент жігіт бір ақшалы байдың үйін ақтап беруге келіпті. Үй иесі тапсырма беріп өз жұмысына кетеді. Жігіт те қызыметіне кіріседі. Үйдің бір қабырғасын ақтап болған ол, келесі қабырғасын да асықпай, аспай-саспай ыждағатпен ақтап шығады. Екінші қабырғасын болғасын, айналып барып бірінші қабырғасына қараса, ол әлдеқашан кеуіп кетіпті де, бұл жерінің реңі енді тәмәмдаған қабырғасынан өзгаше болып қалыпты. Сасып қалған ол, бірінші қабырғаны қайтадан ақтай бастайды. Read the rest of this entry

Сезім тіліндегі өмір

Сүйікті жануарым - жылқы

Сүйікті жануарым - жылқы


Е-е-е! Осы екен өмір деген. Кеше ғана ержетуді армандап, үлкендерге еліктеп, шаш қойып, шар тастап жүр едік. Бүгін Аматыда. Қазақстанда. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл мекенде kazprose деген блогқа жазба қосып отырам деген кімнің ойында бар. Бұрқылдап жатқан ақпарат ортасында өз-өзіңе үңіліп, ой жүгіртіп, пайымыңа нарау болса да назар салып қоюдың реті түсіп тұрған сияқты.
Инді мұхитының Үнді түбегінде мынадай бір оқиға туылған екен. Жас ана өзінің үш жасар ұлын құтқару үшін, бес жасар үлкен баласын теңізге жіберіпті. Бұлай істемегенде аналы-балалы үшеуі де суға кетуі мүмкін екен. Ана кіші ұлын құтқарғаннан кейін ойламаған жерден ғаламат іске кәуа болады. Үлкен ұлы да бір құдіреттің күшімен аман қалады.
Read the rest of this entry

Үздік жастарға тән жеті ғадет


1 -ғадет* : өмірге құлшын;
2 -ғадет : алдымен нысана белгілеп соңынан қимылда;
3 -ғадет : маңызды жұмысты алдымен істе;
4-ғадет : екі жақты жұмыс әдісін пайдалан;
5 -ғадет : басқаны түсінуден бұрын, басқалардың өзіңді түсінуіне қол жеткіз; Read the rest of this entry

Еркектер мезі болатын әйелдер

Шарипов А. «Радостная весть»

Шарипов А. «Радостная весть»


1. Тұрған бойым осы дейтін әйелдер
2. Мұз қабақ әйелдер
3. Алғысын аяғыш әйелдер
4. «Кешіріңіз»-ге кедей әйелдер
5. Олпы-солпы жүре беретін әйелдер
6. Сабыры аз әйелдер
7. «Пыш-пыш»-қа үйір әйелдер
8. Дауысы даланы жаңғыртатын әйелдер
9. Ортаға сай киінбейтін әйелдер Read the rest of this entry

Өкінішті

Юри Ихтер

Мекемедегілердің бәрі Біріншінің Екіншімен жақын дос екендігіне күмәнданбайтын. Бірақ, бұл өзі өте қызық достық еді. Екінші өзінің Бірінші досымен қашанда бірінші болып амандасатын. Сондай-ақ, Екінші қашан да Біріншіге бірінші болып көмектесуге дайын тұратын. Жұмыс барысында Бірінші қандай да бір қателік жіберіп қойса, екінші жиналыс кезінде оны ақтап алатын.
Екінші Біріншінің және оның екінші әйелінің туған күндерін білетін және қашанда бірінші болып құттықтайтын. Осынысымен де Екінші нағыз дос еді. Бірінші оны ешқашан үйіне шақырмаса да, Екінші Біріншіні отырыстарға, жиындарға шақырудан жалықпайтын. Read the rest of this entry

Компьютердің жыныс айырмашылығы


Bill мырза мен Gates бикеш бәрі де компьютер құмарлары еді. Олар үнемі компбютер жөнінде бірге әңгімелесетін. Бір күні олар компьютердің жыныс айырмасы туралы таласа қалды. Gates бикеш компьютер еркек жыныс деді әрі, мынадай сегіз түрлі себебін көрсетті:
1. Білетіндері аз емес, бірден-бір білмейтіндері мейірімділік.
2. үнемі артық біреу тұруын қажет етеді.
3. Сатып үйіңе әкелерден бұрын жарқырап тұрады, үйге әкелген соң оның солғын, нұрсыз екенін байқайсың.
4. Оны төкке жанастыру арқылы пайдалану керек.
5. Егер тілтақтасын дұрыс бассаң, оған не істе десең соны істейді.
6. Ол сыр сақтай алмайды. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: