Category Archives: Киіз кітап

Қазақ дәстүрі, мәдениеті туралы танымдық жазбалар

Блогтағы 5 жылдан кейінгі жазба

Хазреті Google-ды басқа бір мәліметтерді іздеп отырып WordPress платформасында осыдан 7-8 жыл бұрын ашылған блогыма тап болдым.

Студент кездің белгілері бар.

Қазір үйлі-баранды болдық. Екі балам, жан жарым бар. Аллаға шүкір!

Бұл да бір өткен күннің белгісі екен. Басып өткен із, жазған жазба, әр кездегі түрлі ойлардың бедері.

Advertisements

Microsoft компаниясы Build мәжілісінде Windows 8-ді таныстырды

Мәжіліс өткен орын

Мәжіліс өткен орын


Қыркүйектің 18 күні Microsoft компаниясының Build мәжілісі АҚШ-тың Калифорния штаты Анахайм қаласында ашылды. Read the rest of this entry

Қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды

«Пекин таңы» газетінің хабарлауынша қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, 2 миллионнан астам адам көздеген мақсатын орындау барысында жан сақтау бөлімдеріне жеткізіліп, өмірге қайта келеді екен. Жас мөлшері 15-пен 34 аралығындағы жастар арасында өзіне қол жұмсау өлімнің ең басты себебі болып тіркеліп отыр. Read the rest of this entry

Қытай әдебиетіндегі “Хан Хан құбылысы”

Хан Хан – қытайдағы ең беделді жас жазушы. 1982 жылы 23 қыркүйекте Шанхайда дүниеге келген. 1999 жылы жастар өмірін арқау еткен тұңғыш романы Қытай, Тайуан, Hong Kong, Жапон және Франция сияқты жерлерде басылым көріп, тиражы 2 мил. асқан. 2010 жылы сәуір айында АҚШ-тың «Дәуір апталығы » журналы Хан Ханды «Дүниедегі ең ықпалды 100 адам қатарына» енгізген. Көптеген оқырмандар оны 80 жылдың мықтысы деп атасады, өйткені, ол 80 жылдары өмір есігін ашқан жастар ішінен ең ерте қара үзіп әлемдік ықпалға ие болған жастардың уәкілі есептеледі. Read the rest of this entry

Франция поэзия әлемі

Франциялықтардың өз сөзімен айтқанда, Францияның қазіргі поэзия әлемінен екі түрлі бетпе-бет бейнені көреді екен; бірі, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты, енді бірі, осы заман трагедиясының мәні. Әркім өзі білгенімен болып жатқан Батыс қоғамындағы осы заман трагедиясының мәнін ұғыну онша қиынға соқпаса да, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты дейтін түсіну тым оңайға түсе қойғандай емес. Неге десеңіз, Франция поэзиясы романтизм табалдырығын аттағаннан бастап, ақындар обеъктив мәнге бой ұрып, өлеңді «ақынның көңіл-күйі», «жанның тынысы» деп қараған екен. Әсіресе, реализмге жеткен шақта, мұнанда бір адым ілгерлей түсіп, адамның қалыпты писихологиялық қалін ғана емес, адамдағы аңдаусыз сананы да поэзия дүниесіне жатқызады. Read the rest of this entry

Қазақ киносындағы соны леп

7-сәуір, яғни бүгін режиссер Ақан Сатаевтің фильмі «Ликвидатор» көрермендерге жол тартты. Көрдік. Сездік. Білдік. Нені көрдік? Ненні сездік? Нені білдік?

Көргеніміз

Шөбі мен шөңгесі көп, сүрінісі мен жаңылысы да жоқ емес қазақ бейне түсірілім тарихы тағы бір қуанды. Мені қуантқаны қазақ киносына экран арқылы адам жанына үңілу үрдісі, писхологиялық төңкеріс, қоғам мен адам, ашалап айтсақ қазақ қоғамындағы заң мен сақшы рөлін көтеруі және идеологиялық сипат алуы болды. Аз сөзбен айтқанда көргеніміз осы.

Сезгеніміз

Көтерген идеяның қуаты және режиссерлік шеберлік жағынан үлкен табысқа, соныға із салған. Бұл менің жай ғана көрермен ретіндегі эмоциям ғана. Бірінші көрілім, алғашқы әсер, әрине, өте жақсы. Еліміз киносындағы жақсы беталыс, кең таралған моды ағым киношылдыққа жоғары сауаттылықпен келіп өз көрермендерін, аудиториясын тәрбиелеу – бұл ертеден басталып, осы күні шырқау шыңына шығуға тиісті сала еді. Бірақ, бізде енді-енді халықтық сипатқа еніп келеді. Read the rest of this entry

«Күлтегін» сұхбатын «ажуалау»

Әлеуметтік желілерде әр мамандық, әр саланың «жілігін шағып, майын ішкен» адамдар жүреді ғой. Төте жазуда «Күлтегін» атты сайттың бар екенін білесіздер. Сол сұхбат желісін жақсы көрген бір суретші досымыз «Күлтегінге» арнап ажуа сурет салған екен. Сурет пен суреттің астына жазылған эпиграмма.

Елім үшін ат терлетіп шапқаным,
Ұйқтамадым, отырмадым, жатпадым.
Ал, қолымда жаңа заман жабдығы,
Тіл қанжары, сөз жебесі – атқаным.
Ұрпақ мені ұмытпады – мақтаным,
Ойыма тек ел намысын сақтадым.

Эпиграммасын жазған: Берік
Суретті салған: Ғаламин

%d bloggers like this: