Category Archives: Махаббат қызық мол жылдар

Махаббат қызық мол жылдар

Күліп қой да, өте шық немесе мерекелік сый


Жеңіліс пен сәтсіздікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі үмітті сенімнің бейнесі, соңынан жігеріңді жина, ол сенің батырлығың.
Түсініспеушілік пен өшпенділікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі кеңдіктің бейнесі, соңынан өз азаматтығыңды сақта, ол сенің сабаздығыңның белгісі.
Мақтау мен марапатқа бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі сергек кішпейілділіктің бейнесі, соңынан алға басуды доғарма, ол жақсылықтың нышаны.
Уайым мен қайғыға бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі көңіл орнықтырудың жолы, соңынан құлшына оны жоғалтудың қамына кіріс, ол тек қана шекарасы бар дүние ғана, әлем кең. Read the rest of this entry

Сезім тіліндегі өмір

Сүйікті жануарым - жылқы

Сүйікті жануарым - жылқы


Е-е-е! Осы екен өмір деген. Кеше ғана ержетуді армандап, үлкендерге еліктеп, шаш қойып, шар тастап жүр едік. Бүгін Аматыда. Қазақстанда. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл мекенде kazprose деген блогқа жазба қосып отырам деген кімнің ойында бар. Бұрқылдап жатқан ақпарат ортасында өз-өзіңе үңіліп, ой жүгіртіп, пайымыңа нарау болса да назар салып қоюдың реті түсіп тұрған сияқты.
Инді мұхитының Үнді түбегінде мынадай бір оқиға туылған екен. Жас ана өзінің үш жасар ұлын құтқару үшін, бес жасар үлкен баласын теңізге жіберіпті. Бұлай істемегенде аналы-балалы үшеуі де суға кетуі мүмкін екен. Ана кіші ұлын құтқарғаннан кейін ойламаған жерден ғаламат іске кәуа болады. Үлкен ұлы да бір құдіреттің күшімен аман қалады.
Read the rest of this entry

Компьютердің жыныс айырмашылығы


Bill мырза мен Gates бикеш бәрі де компьютер құмарлары еді. Олар үнемі компбютер жөнінде бірге әңгімелесетін. Бір күні олар компьютердің жыныс айырмасы туралы таласа қалды. Gates бикеш компьютер еркек жыныс деді әрі, мынадай сегіз түрлі себебін көрсетті:
1. Білетіндері аз емес, бірден-бір білмейтіндері мейірімділік.
2. үнемі артық біреу тұруын қажет етеді.
3. Сатып үйіңе әкелерден бұрын жарқырап тұрады, үйге әкелген соң оның солғын, нұрсыз екенін байқайсың.
4. Оны төкке жанастыру арқылы пайдалану керек.
5. Егер тілтақтасын дұрыс бассаң, оған не істе десең соны істейді.
6. Ол сыр сақтай алмайды. Read the rest of this entry

Әйелдер біле бермейтін ерлердің құпиялығы

Әйелдер ерлердің қайсар болуды неліктен үйренетінін білмейді. Себебі, ерлердің сыртқы тұлғасы өте қайсар, бірақ ішкі дүниесі нәзіктеу келеді. Олар мәңгі қасындағы әйел затына өзін керемет етіп көрсетеді. Read the rest of this entry

Не жасалса да жақсылыққа

Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, айнала ақ түтек болады. Теңізге шыққан балықшылар жоқ таппай ауылға қайта алмай қалады. Түні бойы жақындары, жұбайлары мен балалары уайым ішінде ұйықтай алмай Құдайға балықшылардың амандығы үшін жалбарынады. Түннің ортасында үйлердің бірі жанып кетеді. Өртке қарсы күресе алмай жарты сағат ішінде үй толығымен жанып күл болды. Read the rest of this entry

Отыздың ойлары

.Тіріңде мақталғаннан көрі, көз жұмған соң датталудан қорық.
.Әлемнің тарлығын пиғылың кеңейген күні білесің.
.Жапаны рахатқа айналдыра білу – тұрмыстың шеберлегі.
.Махаббат – назға толы ғашықтық күйінің сыңғыры, неке – отбасындағы қазан-аяқтың сылдыры.
.Ақылды күндемейді. Күндестік – өзіңнің әлжуәздығыңның дәлелі.
.Қимасыңды қиғанда ғана қияметке қолың жетеді.
.Сөйлей білудің алғышарты – тілге тиек қоя білу.
.Досың мен дұшпаның – екеуі де көңіл қоймаңның құпиясына қызығушы.
.Сорды бақытқа, төзімді ләззәтқа айналдыратын – үміткерлік.
.Жақсы істің де жаман жағын ойлай жүр, жаман істе тәтті үмітке бойлай біл.

Нұрлының жазбалары

Бейішті су басыпты…

Айтшы айнам, енді қай бір жаққа асығам,
Етемін ғой соы бір шаққа шыдам.
Бейішті су басыпты,
Тамшы тамып
Тұр ғой сенің көздерің – қақпасынан…

Қалау Сәлеметбайұлы

%d bloggers like this: