Category Archives: Сыр шертеді мың бояу

«Күлтегін» сұхбатын «ажуалау»

Әлеуметтік желілерде әр мамандық, әр саланың «жілігін шағып, майын ішкен» адамдар жүреді ғой. Төте жазуда «Күлтегін» атты сайттың бар екенін білесіздер. Сол сұхбат желісін жақсы көрген бір суретші досымыз «Күлтегінге» арнап ажуа сурет салған екен. Сурет пен суреттің астына жазылған эпиграмма.

Елім үшін ат терлетіп шапқаным,
Ұйқтамадым, отырмадым, жатпадым.
Ал, қолымда жаңа заман жабдығы,
Тіл қанжары, сөз жебесі – атқаным.
Ұрпақ мені ұмытпады – мақтаным,
Ойыма тек ел намысын сақтадым.

Эпиграммасын жазған: Берік
Суретті салған: Ғаламин

«Бір уыс топырақ»

«Бір уыс топырақ» — бұл ұғым санамнан әрқашан өшпейді. Өйткені, туған жерді аңсаған әрбір жан сол мекенге сағынышын кіндік қаны тамған топырағын аңсаумен бірге жүрегіндегі сағынышты әнмен де жеткізеді ғой.

Бұл бейнебаян қаранөпір қытайлар арасында оқып жатқан қазақтың қарадомалақтарының өмірінен бір үзік сыр шертеді. Алда отырған қытай оқытушысы да қыстығып шыққан дауыстың ақындар айтысы болса, кең сахара болса мұнан да табиғи, мұнан да тынысты шығатынын айтып шәкірттеріне дем беріп жатыр… «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні үдеп, барша дауысқа ұласып, шарықтап кетеді… бұл үн тектен-текке лықсып, арнасынан асып, көңілге сәуле, көзге нұр сыйлап тұрған жоқ. Бұл тілде сөйлеген әрбір жан, бұл әнді шырқап, ыңылдап айтақн барлық кісі теңіздің ортасындағы бір-бір арал сияқты. Бір күні дауыл тұрып, мұхит толқындары шарпысқанда титімдей ғана ол аралдар су астындағы жартастарға айналуы әбден мүмкін…

Азиадада басы жоқ спортшы қайдан жүр?

http://www.astana-almaty2011.kz сайтының бас бетіндегі спортшының басы жоқ. Бүкіл әлем көрермендерін ақпаратпен қамтамасыз ететін сайтқа мұндай сурет қоймау керек еді. Бірақ, болары болды, бояуы сіңді.

Сурет: Азиаданың ресми сайтынан

«Аллажар» фильмінің толық нұсқасын көріңіздер

Сурет: google.kz-тен алынды


1986 жыл. Осынау ардақты уақттың артындағы көлеңке барған сайын ұлғайып бара жатқан сияқтанады. Тіпті, бірнеше күн әуре болсам да ғаламтордан мен көшедегі жаймалардан фильмнің толық нұсқасын таба алмаған едім. Енді осы бейнебаянның толық нұсқасын көруге мүмкіндік туып отыр. Қытайдағы ең үлкен бейнепортал http://www.56.com-ға Торап(интернеттегі бүркеншік ат) есімді азамат шығарып қойған екен. Сол жақтан сіздер де көре аласыздар деген үміттемін. Read the rest of this entry

ҚазНетке жол тартқан «аз-көп»

"Мінбердің" семинарында

суреттің авторы Еркін Қуатайұлы


18 қазан күні «ҚазЖол» қонақ үйінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты кезекті семинары өтті(толығырақ мына жерден). Маған ең жақсы әсер еткені Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мырзаның жаңа медиа туралы Асхат ағай жасаған президентациядан кейін қатты толқығаны болды. Меніңше ол кісіге ұнағаны батыс әлеміндегі саяси тұлғалар төңірегінде ғаламтор беттерінде жарық көрген қызықты жазбалар болса керек. Read the rest of this entry

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

Қазақ газеті

Қазақ газеті

«Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Read the rest of this entry

Сазгердің соңғы монологы


Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе? Read the rest of this entry

%d bloggers like this: