Category Archives: Сіз естімеген жаңа есім

Өнер, ғылым, әдебиет сласында көпке танылмаған талантты адамдарға арналған бет

Бүркіттің жасына байланысты атаулар

Бүркіттің жасына байланысты атауларды бірде жер-көктен іздеп таппай қойғаным бар еді. Бұл атаулардың қайдан шыққаны туралы мәліметтерді кейін қолыма түскенде шығарып қоярмын. Қазірше осы.

1. Балапан
2. Тірнек
3. Тастүлек
4. Ана
5. Қана
6. Жана
7. Мұзбалақ
8. Көктүбіт
9. Майтүбіт
10. Барқын
11. Баршын
12. Шүгел

Ескерту: рет номері бүркіттің жасымен сәйкес

Торап әдебиеті еріккенің ермегі емес

Мәдениет  Мұқатайұлы, әдебиет  сыншысы, ақын

Торап  әдебиеті  – көкейтесті ойлар  айтылатын  тілі  орамды, дәл, көркем, бейнелі, жанды, көп  өнер  тоғысқан  жазба  әдебиеттің  қоқсығынан  ада  таза  әдебиет. Әдебиет  – тумысынан жаңашыл  жанр, жалпылық  жанр  екені  торап  әдебиетінде  тіпті  де  сәулеленеді. Торап  әдебиеті  – информациялық қамытымы  ең  мол  әдебиет. Read the rest of this entry

«Өркениеттер қақтығысы» болмайды

АҚШ оқымыстысы Samuel Huntington ортаға қойға «Өркениеттер қақтығысы» ұғымы көп адамдарды осы күнге дейін алжастырып келеді. Ойлап қарасаңыз өркениеттер арасында қақтығыс болмайды, өйткені ол өркениет. Өркениет деген әділеттілік, әділеттілікте қақтығыс болмайды. Тек өркениет пен жабайылық арасында қақтығыс болады. Ал, жабайылықты өркениет деуге болмайды. Read the rest of this entry

МЕН ЕНШІМДІ АЗ АППЫН

Мен еншімді аз аппын,
Әкеміз де аз алған.
Баласымын қазақтың,
Құрт жеп тісі қажалған.

Кезінде ойлап білген бе едік,
Кей құрбыға наз айттық.
Құрт сияқты бірден жеп,
Өмірімізді азайттық.

Өлеңнің авторы: Құмарбек Сахарин, ақын, жазушы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Домбыра шерткен қытай азаматы

Бұл бейнежазадағы жігіт қытай ұлтының азаматы. Бәлкім, музкант жігіт болса керек. Қытайдағы досым жіберіп берген еді, көпшілікке жариялау мүмкіндігі енді туып отыр.

«Сен – қазақ» сайты жайлы

"Сен - қазақ" сайты

"Сен - қазақ" сайты

Қытай қазақтарының ең беделді, кең қолданысқа ие сайттарының бірі, ол – «Сен – қазақ» сайты. Торап 2004 жылдан бері қарай жұмыс істеп келеді. Төменде біз аталған сайттағы еңдер мен санды мәліметтерге жүгіне отырып, сайттың болмысы-бітімін, қолданушылар белсенділігін, көтерген мәселелерінің маңыздылығы жайлы тоқтала кетсек.

Сайттағы тұрақты тіркелген мүшелер саны: 15278

Асабалар(басқарушылар) саны: 38

Сайтқа жазба енгізетін мүшелер саны: 7543(барлық мүшелермен салыстырғандағы ұстайдын пайыздық мөлшері: 50.63%

Сайттағы айдаршалар саны: 54

Read the rest of this entry

Қытайда қазақтың ұлттық шипагерлік класы ашылды


ҚХР Алтай аймағаында тұңғыш рет қазақтың ұлттық шипагерлігін оқыту класы ашылды. Бір ұлттың ақыл-парасат күші тек экономика мен сан мың жыл, ғасырлар бойы қалыптастырған дәстүрлі мәдениетін ғана қамтып қалмай, оның тіршілік қажеті үшін қалыптастырып, белгілі деңгейге жеткізген басқа да сана жауһарларымен өлшенсе тіптен артық болмайды. Осыдан бес ғасыр бұрын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың тарихи жәдігері «Шипагерлік баян» табылған Алтай аймағында қазақ емшілігі шипаханасыны мен қазақ емшілігін, шипагерлігін оқытатын арнаулы орталықтың құрылуы таң қаларлық жағдай емес. Тағы бір ескере кететін жағдай, арнаулы қазақ емшілігіне арналған шипажай дүние жүзінде тек Алтайда болса, оны оқытатын мектеп те Алтай топырағында бой көтеріп отыр. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: