Category Archives: университет өмірінен

Шабыт қайдан келеді?


Менің қытай тілінде оқитын сүйікті журналым «Оқырман»(«读者») деп аталады. Адамның өмірінен және тіршіліктің шырқаулы сәттерінен шабыт алар тұсты керекмет қиуластыра жазатын қысқа-нұсқа жазбалары мені қызықтырады. Бірде мынадай әңгіме оқыдым: « Үлкен қаладағы белді университеттердің бірінде оқитын студент жігіт бір ақшалы байдың үйін ақтап беруге келіпті. Үй иесі тапсырма беріп өз жұмысына кетеді. Жігіт те қызыметіне кіріседі. Үйдің бір қабырғасын ақтап болған ол, келесі қабырғасын да асықпай, аспай-саспай ыждағатпен ақтап шығады. Екінші қабырғасын болғасын, айналып барып бірінші қабырғасына қараса, ол әлдеқашан кеуіп кетіпті де, бұл жерінің реңі енді тәмәмдаған қабырғасынан өзгаше болып қалыпты. Сасып қалған ол, бірінші қабырғаны қайтадан ақтай бастайды. Read the rest of this entry

Сезім тіліндегі өмір

Сүйікті жануарым - жылқы

Сүйікті жануарым - жылқы


Е-е-е! Осы екен өмір деген. Кеше ғана ержетуді армандап, үлкендерге еліктеп, шаш қойып, шар тастап жүр едік. Бүгін Аматыда. Қазақстанда. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл мекенде kazprose деген блогқа жазба қосып отырам деген кімнің ойында бар. Бұрқылдап жатқан ақпарат ортасында өз-өзіңе үңіліп, ой жүгіртіп, пайымыңа нарау болса да назар салып қоюдың реті түсіп тұрған сияқты.
Инді мұхитының Үнді түбегінде мынадай бір оқиға туылған екен. Жас ана өзінің үш жасар ұлын құтқару үшін, бес жасар үлкен баласын теңізге жіберіпті. Бұлай істемегенде аналы-балалы үшеуі де суға кетуі мүмкін екен. Ана кіші ұлын құтқарғаннан кейін ойламаған жерден ғаламат іске кәуа болады. Үлкен ұлы да бір құдіреттің күшімен аман қалады.
Read the rest of this entry

Елдік намыс қалай қалыптасады?

QQ-да қытай университеттерінің бірінде(新疆医科大学Шин Жяң Медицина Университетіде) оқитын досыммен әңгімелесіп отырмын.

– Сендер әр дүйсенбі күні ту шығару салтын өткізесіңдер ме?-деп сұрады досым менен.

– Жоқ, әуре емес пе.- ойымда қарсы жақты көбірек сөйлете түсу.

– Ол болмайды ғой.

– Неге? Қытайдағы бүкіл университеттер осылай істей ме?

– Иә, әр аптаның бірінші күні бір уақытта, яғни, Пекин уақыты сағат 9.00-де елдің барлық университтерінде әнұран орындалып, қызыл туға
құрмет ретінде қаз-қатар тізілген студенттер ЖОО спорт алаңына жиналады. Біз үшін
бұл «салтанатты» шара тым қызықты емес. Read the rest of this entry

Алмасқан ректорлар артындағы ақиқат


Қазақтың арнайы жүйеге түскен білім беру, мектепте оқыту тарихын Ы.Алтынсариннан бастасақ, бүгінгі күні ағартудың алтын зерлі, құндыз ішігін Жұмағұлов жалғастырып отыр. Бақытжан Тұрсынұлының бұл қызыметке келгені де жаңа. ҚазҰУ ректорлығы соңғы жылдары ел абройы болған Ұлттық Университеттің беделін жоғарлатып, қожыраған оқыту үрдісіне жаңалықтар алып келді. Көңіл қуантарлық деңгейін енді қалыптастырып келе жатқан осы үрдестің биігін аласартпау мақсатымен білім министрлігінен тартып, әрбір студенттің тұрмысындағы өзгешеліктердің бір ұшына жалғасып жатқан ректорлар алмасуын мына үш жақтан қарастыруға болады:
1. Сайлау
2. Білім
3. Тұлғалар арасындағы қақтығыс
Read the rest of this entry

%d bloggers like this: