Category Archives: Шипагерлік баян

Қолы киелі баба Өтейбойдақ Тілеуқабылдың рухы демеп, тәндеріңіздің сақ болуы үшін

7 November, 2010 09:34

Ауылдағы Сейіт ағамның шеберлігі. Бұл Жәнібектің туған күніне сыйлық екен.

Қытайда қазақтың ұлттық шипагерлік класы ашылды


ҚХР Алтай аймағаында тұңғыш рет қазақтың ұлттық шипагерлігін оқыту класы ашылды. Бір ұлттың ақыл-парасат күші тек экономика мен сан мың жыл, ғасырлар бойы қалыптастырған дәстүрлі мәдениетін ғана қамтып қалмай, оның тіршілік қажеті үшін қалыптастырып, белгілі деңгейге жеткізген басқа да сана жауһарларымен өлшенсе тіптен артық болмайды. Осыдан бес ғасыр бұрын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың тарихи жәдігері «Шипагерлік баян» табылған Алтай аймағында қазақ емшілігі шипаханасыны мен қазақ емшілігін, шипагерлігін оқытатын арнаулы орталықтың құрылуы таң қаларлық жағдай емес. Тағы бір ескере кететін жағдай, арнаулы қазақ емшілігіне арналған шипажай дүние жүзінде тек Алтайда болса, оны оқытатын мектеп те Алтай топырағында бой көтеріп отыр. Read the rest of this entry

9 September, 2010 21:25

Іле Қазақ автономиялы обылыс 16 кезекті ақындар айтысы телетаратылымынан көріністер.

Дәптердегі «әптер-тәптер»


Дәптер деп отырғаным кәдімгі кафе немесе асхана, тамақханалардағы тамақтың тізімі жазылған дәптер. Ас мәзіріне көз жүгіртіп, қонағыңызға немесе өзіңізге тамақ бұйыртып отырғаныңызда, байқаңыз, жаңа ғана қолдан-қолға өтіп, асқа тапсырыс берген адамдардың алдынан сізге келген «Ас мәзірінде» толып жүрген бактериялардың бар екенін көп адам ескере бермейді.
Ендеше, сол дәптерді ұстаған қолыңызбен ас ішетініңіз анық. Ал онда, не жұтып, не қойғаныңызды түсінген боларсыз?!
«Ас мәзірі» дәптері ұзақ уақыт қолданыста болатын дүние, онда көптеген вирустар мен бактериялар өмір сүреді. Мысалы, жуан ішек таияқша бактериясы, зең бактериясы, гендік өзгеріске ұшырған бактериялар және сан алуан қоздырғыш бактериялар. Бұл «өнімдер» әне сол сияқты жерлерде пайда болады.
«Әптер-тәптер» дәптердің сыры міне осында. Есіңізде болсын, асқа тапсырыс беріп болғаннан кейін қолыңызды шәйіп жіберуді ұмытпаңыз!!!

Мәліметтер қайнары: Күлтегін мүшесі Мираның жазбасынан

Анамен хоштасу-Рабиндранат Тагор

Рабиндранат Тагор

Тыныш түн шымылдығын серпер шақта, сіз қараңғылықты қармап, ұйқыдағы балаңызды құшақтамақшы болған кезде, мен: «балаңыз ол жерде емес қой!»деп едім, АНА, мен кеттім.
Мен ерке самалға айналып келіп сізді аймалар едім. Мен судағы нәзік толқындарға айналып, сіз жуынып жатқаныңызда келіп, қайта-қайта өбетін едім. Боранды түнде, жаңбыр тамшылары ағаш жапырақтарынан домалап бара жатқан шақта, сіз менің сыбырымды естір едіңіз. Найзағай оты жарқ етіп терезеден енген кезде, менің күлікм де бірге жарқ етіп кірер еді. Егер сіз түн ортасына дейін көз іле алмай, балаңызды сағынып жатқан болсаңыз, мен жұлдыздар көгінен сізге: «ұйқтаңыз, АНА, ұйықтаңыз!» деп шырқар едім. Мен әр қиырды кезетін ай нұрымен, баспалай төсегіңіздің алдына келіп, сіз шрыт ұйқыда жатқаныңызда құшағыңызға келіп кірер едім. Мен бір тәтті түске айналып, айқасқан кірпіктеріңіздің арасынан ұйқыңызға сіңетін едім. Сіз ояна келіп жан-жағыңызға таңданыспен жалтақтағаныңызда, мен бейне жарқырауық қоңыз іспетті жылыт-жылыт етіп барып қараңғылыққа сіңіп кетер едім. Дүрга мерекесі(Durga Festival) келіп, көршілердің баласы үйге келіп асыр салып жүрген кезде, мен сыбызғы үніне сіңіп, күні бойы жан дүниеңізде тербелер едім. Сүйікті апайларым Дүрга мерекесінде (Durga Festival) сауғаларын әкеліп, сізден: «әпке, біздің баламыз қайда?» деп сұрағанда, АНА, сіз аса пейілді түрде: «ол ма, ол қазір менің жанарымда, ол менің өн-бойымда, менің жан-дүниемде!» деп жауап беріңіз.

Қайнар және аударған: Қ.Қ[САНА]-ның блогы
Сурет: http://www.baidu.com

Көңіл-күйді қорғаудың 10 түрлі әдісі

1. Тәңертең орныңыздан тұрғанда барлық іс сәтіне басады деген сенімде болыңыз. Үйден шығарда, алда туылар істерге сақадай сай тұрыңыз;
2. Келеңсіз істерді алдымен тындыруды әдетке айналдырсаңыз, тұтас бір күніңіз өте мамыражай өтеді;
3. Зейінді шоғырландырудың қолдағы жұмысқа бар ынта-пейілмен кірісудегі пайдасы зор;
4. Әрқашан жүріс-тұрыста ибалы, салауатты болыңыз;
5. Өзіңізді үнемі кінәлай бермеңіз, егер шынында қателік өткізіп қойсаңыз ағаттықты батылдықпен мойыныңызға алып, одан туылған зиянның орнын толтыруға күш салыңыз. Өзін-өзі сөге беру мен кемсіту – сары уайым мен рухани аурулардың қайнары;
6. Айналаңыздағыларға мұқият мәміледе болыңыз. Олардың қандай кезде нендей аңыс білдіретінін игеру арқылы қай істерді істемеу, қай сөздерді сөйлемеу керектігін аңғара аласыз;
7. Әрқандай істе үміткерлікпен қарауға құлшыныңыз, тіпті, ең қиын жұмыс болған күнде де позицияңызды өзгертсеңіз, оны шешудің тамаша әдісін таба аласыз;
8. Бірер іске жолыққанда қайдағы-жайдағыны уайымдай бермей, нақтылы қимылға көшкеніңіз жөн;
9. Басқаларды жазғыра бермей, кең пейілділік танытсаңыз, сол арқылы құрметке бөлене аласыз;
10. Кеште үйге қайтқанда бір күндік өміріңізге үміткерлікпен талдау жасап көріңіз, жәбір мен уайымнан ертерек арылыңыз;

Авторы: Қазақсофт, Періште

Допқұмарларға кеңес

Аңсатқан әлемдік дода басталды. Допқұмар достан түнімен бәсекені тамашалаудың өз денсаулығыңызға да жасайтын әсерін ұмытпағаныңыз әбзал. Түнімен көз алмай теле экранға қарау, әдетте бас айналу, құсу, қант құрамын төмендету қатарлы жайттерді келтіріп шығарады. Шипагердің кеңесіне құлақ түрер болсақ, жарысты тамашалаймын деген көрермен күндіз ұйқысын қандырумен бірге азық-түлікке көңіл бөліп, оңай қортылатын, оңай сімірілетін, азықтық қуаты жоғарты тағамдармен азықтану туралы кеңес айтады. Байрақты бәсекені тамашалап болғаннан кейін ыстық суға жуыну немесе сүт ішу қалжыраған тән қуатыңызды қалпына келтіруіңізге септігін тигізеді.

%d bloggers like this: