Category Archives: Ғашықтар жазысқан хаттар

Бейішті су басыпты…

Айтшы айнам, енді қай бір жаққа асығам,
Етемін ғой соы бір шаққа шыдам.
Бейішті су басыпты,
Тамшы тамып
Тұр ғой сенің көздерің – қақпасынан…

Қалау Сәлеметбайұлы

Advertisements

Махаббат диалогы[爱情对话]

Махаббат диалогы

爱情对话
ài qíng duì huà
Махаббат диалогы

穆哈哈力•玛哈泰耶夫 著
MÙ HĀ HĀ LÌ • MǍ HĀ TAI YĒ FŪ zhù [авторы]
哈依夏•塔巴热克 译
HĀ YĪ XIÀ • TǍ BĀ RÈ KÈ yì [аударған]

我变成飞鸟无影无踪,你会怎么样?
wǒ biàn chéng fēi niǎo wú yǐng wú zōng , nǐ huì zěn me yàng ?
-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

我会寻找你,直到永远。
wǒ huì xún zhǎo nǐ , zhí dào yǒng yuǎn .
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

我掉进火海,你会怎么样?
wǒ diào jìn huǒ hǎi , nǐ huì zěn me yàng ?
-Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

我会追随你,变成灰烬。
wǒ huì zhuī suí nǐ , biàn chéng huī jìn .
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

我变成朦胧的幻影,你会怎么样?
wǒ biàn chéng méng lóng de huàn yǐng , nǐ huì zěn me yàng ?
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

我会变成一股清风,最终追上你。
wǒ huì biàn chéng yī gǔ qīng fēng , zuì zhōng zhuī shàng nǐ .
-Жел боп қуып ақыры жетер едім

如果我给你带来的都是悲愁,你会怎么样?
rú guǒ wǒ gěi nǐ dài lái de dōu shì bēi chóu , nǐ huì zěn me yàng ?
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

别说了,我的光明,我什么都能承担。
bié shuō le , wǒ de guāng míng , wǒ shí me dōu néng chéng dān .
-Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!

Мұхтар Әуезовтың ғашығына жазған хаты

Аяулы Ғайниым менің!

Көптен хат жазған жоқ едім, сіз соған ашуланып жүрген жоқ па екен деп қорқып та отырмын, ал, бұдан он бес күндей бұрын мен өзім ашуланып жүр едім. Сізден хабар күтіп, әркім өз атына келген хатты сұрап алатын жерге ондаған рет барған шығармын. Төзімім таусылған соң, жедел хат жолдадым.
Содан өзіңізден телеграмма да, хат та алған соң барып, қатты қуанып, бұрынғыша көңілім орнығып, жаным жайланып қалды.
Мәскеуден оралғаннан бері мен біздің «Абай» атты пиессамызды әр жерде оқумен, оны талқылаумен және репертуарға ендіру ісімен айналысып, ылғи қолым босамады. Ол туралы орысша газеттерде әлі пікі айтылған жоқ. Өйткені орысша мәтінін оқыған жоқпыз(жуықта болып қалар), ал, қазақша мәтінін үлкен-үлкен аудармалар да әр жерде оқыдым.
Қуанышыма сізді ортақтастыруыма болады. Пиесса жоғары бағаланып қабылданды. Соңғы 15-20 жылда бұл пиессаға тең келер туындының қазақ әдебиеті әлі дүниеге әкелген жоқ деседі. Қазір оны Қазақстанның жирма жылдығына арнап қоюды жоспарлап отыр. Қазақ театрында да, орыс театрында да қатар қойылмақшы. Қазақ газеттерінде мақалалар да тұтас беттерде берді, үзінділер берді. Міне соңғы кезде мен айналысқан шаруалар осындай.
Қол жеткен табысы күмәнділеу, дау-дамайы да жеткілікті спектакл ретінде қазір біздің операда ненің либреттон бойынша «Бекет» атты опера жүріп жатыр. Оны Тәшкенттен келген сіздің бір Үмберов деген танысыңыз көрді және ол өзі біздің үйде жатты да, мен одан сізге телефон шалуды, сүйтіп үйіңізге де кіріп-шығып менің сәлемімді жеткізуді өтінген едім.
Аяулы Ғайниым туралы ойлаудан, оны ылғи есіме алуден және сүюден айныған емеспін.

07.02.1940

(Жалғасы бар)

ҒАЙНИҒА ХАТ


Бізді кездестіре алған өмірдің, айырып тынарын да сезіне алмаған екенбіз ғой! Жоқ, біздің арамыздағы өткелсіз асау өзен өмірдің емес, енді ғана бастау алған жүгенсіз тағдырымыздың мезгілсіз тулауынан пайда болған шғар деймін.
Барлық істердің сенің есіңде екеніне сенімім кәміл. Менің де есімде… Бір ән ылғи көкеймде тұрады:
« Біз екеуіміз тек оңаша,
Жаздың жұпар бір кешінде,
Сенің жұпар шаштарыңа,
Көмілгенім есімде.»
Мен сенің түсінгіңдегі кінәлылығым үшін ақталмақшы емеспін. Мәңгі ақталмаймын да. Әрі, мені махаббат опасызы деп түсінуіңді тіпті де қаламаймын. Мен өзімді қиялдың кісісімін деп ойлаймын. Ал сен болсаң реалдықтың пендесісің. Менің кеудемнен дүниедегі ең ыстық сөз болып өртеніп, алаулап шыққан, өз жүрегіме бейне бір құбылыстай сезім берер игілкті жан әуендері сенің алдыңа жайылып салынғанда, еш таңғаларлғы жоқ, әсерсіз ғана ақымақтықпен сайқалсу болып қалмақ. Біздегі от пен судай қарама – қарсылықтың ең қарапайым мсалы-осы. Мен үшін поэзия мен проза тіршілік кешіп жүргенімді сезіндірер бірден-бір асылдарым. Оларсыз мен жүрегі қырқылған, өсімдіктен еш парқы жоқ міскінге айналармын бәлкім. Бірақ, осынау себептер сені сүйгендігімнің шын екенін терістей алмайды. Мен саған кінәлі емеспін, саған қарыздармын. Мен сені сүймей көргем жоқ, сен мені түсінбей кеттің. Мен саған ғашық болатынмын, ал сен маған өзіңнің сүюіңді, маған да шын ғашық екеніңді мендегі оты жалындаған ыстық сезімге сезіндіре алмадың… Ал, сен өзіңнің ынтызарлығыңды бейнелей алдым, сен өзің түйсінуге нәзіктігің жетпеді десең, мен мұндай сөз айтқаныңды естіп көрмеппін.
Сен маған махаббатты реал тұрмысқа бейімдей білу керектігін үйреттің. Сен маған шын ғашықтықты басымнан өткізуіме мүмкіндік бердің, өзіңді маған аспандай алып сағынышпен аңсаттың. Біздегі ең алғашқы сүйіс мендегі мәлім бөлік кіршіксіздікті нәпсіге айырбастады. Мен періштелігімді тонаттым. Тәнім баспас деген аймақтарды қиялыммен кезіп кететін болдым. Мұның барлғы да жан достарымнан да жасырын еді. Мен қылмыс өткізіп жаттым. Біздегі үнсіздіктер қиялдың жантүршігелкпен құтырынуына жағдай жасады. Біз алшақтай бердік. Біздегі алшақтықты екеуара сыйластық, құрмет, айналадағы достардың таңырқанысқа толы қызығушылғы басым жанарлары, екеуімізге деген ақ тілегі бүркемелеп жатты. Сол шақтарда осыларды білген едім, бірақ, болашаққа деген сенім, менің саған арнаған сезімім бұларды ашыққа шғаруыма сан түмен баһадүрін атой салдыра қарсы тұрды.
Мен саған бір үлкен құпялықты әшкерелейін. Ол-менің мінезімдегі өзгеріс. Яғни, мендегі шексіз үнсіздік. Менің ойламым өз-өзіме көз тастауға жеткен шақта мен өзімді ерекше тентек, күлекеш, ұшқалақ екенімді білгенмін. Күндер өте келе менің өміріме сен қатыстың. Сенің мінезің қатысты. Мендегі шексіз бақыттылық алғашы рет өз-өзімді тежей байыптылыққа жетеледі. Мен табиғи жетелендім. Тағы да айлар өтті… Тағы да жылдар өтті… Біздегі байптылық қалыпсыздыққа айналып бара жатты. Мен, сенің мінезіңдегі маған болған үнсіздігіңді өзіңнің сезінер сезінбесіңді білмедім, «бәлкім мен оған сезіндіруім керек шығар!» деген байламға келдім. Мендегі шарасыздық алғашқы рет өз-өзімді күшпен тежей байсалдылыққа көшірді. Мен қинала жетелендім. Өзімнің мінезімдегі өзгеріс арқылы, яғни, үнсіздігім арқылы саған екеуіміздің өзара мәмілеміздегі осынау үнсіздіктің болмауын, мәңгі ғайып болуын, жарқын-жарқын күлген, еркін де шуаққа толы өмірдің бізге керектігін білдіргім келген-ді. Ал оны сенің білген-білмегенің маған белгсіз. Сонан соңғы талай мезгіл мен үшін өз-өзіммен арпалсудың қасіреті тозақтан бетер қиналстарын басымнан өткізудің қан жылаған аялы басым шақтары еді. Менің үнсіздікке ашқан күресім мен еңбектенуім саған сайқалдық болып көрінді. Мен жеңіліс таптым.
Менің саған жазған ең соңғы хатым, яғни, сен жайлаудағы тойға шыққан шақтағы мен берген әдемі қойын дәптер ішіндегі ұзыннан-ұзақ алгі шиырлар…! Ол хаттың әуелгі нұсқасы менде. Сен ол хатты түсінбегеніңді айтқан едің. Түсінбейтін жөнің бар, себебі, өзге жанды түсінуге ұмтылмастық – сенің өзімшілдігіңнің ең үлкен бейнесі. Өзімшілдік – ешқашан қолыңдағы бірер затты біреуге қимаушылық емес, қайта, «дос болам деген қайыр қылмай-ақ қой, қайырылып қарасаң болды» атты даналық лебізбен арналас. Мұнан кейінгі басталатын өзге бір өмір сапарыңда, тіршілгіңнің мен қатыспаған жаңа бір парақтарына менімен бірге кешкен күндегіңдегі келсіпестіктеріңді қайта шиырламауыңды саған ескертемін.
Мені еске алғанда сенің өзегіңді өртейтін ашынышты сезімнің аты-бәлкім, өшпенділік болар, бәлкім, өкініш болар, бәлкім, сағыныш болар немесе бүкіл еркек жынсына «оңған бірі жоқ, опасыз қауым» деген түснігіңді мәңгі тастамастай етіп елесіңнің атанына артып алар өзіңе ғана белгілі дәрменсіз әрі үнсіз қарсылық болар. Мейлі, не болса да, әйтеу сенің өз шынайы махаббатыңның бодауына төккен жасың арқылы бейнеленіп шыққан әйел затына тән арманның жапырағы қурап, тамыры солған бір байтерегі. Оны ұмыта алмайсың. Менде солай, оны ұмыту мүмкін емес. Адам өміріндегі бір ғана жастық көктемді нәзік сезімнің үнсіз шерменделгімен өткізу әрбір жүрек үшін азаптың зындандығы шығар деймін. Бірақ, махаббат өлген жоқ! Ол – тірі. Біз тек мәңгілік махаббаттың бейнелену формасын ғана өзгерттік.
« Махаббатты үйлену деп ойлайды,
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.»
Біз мұны естен шығармауымыз керек. Тұрмыс үшін сыйласым, сүю, көзқарас, армандары деңгейлес әрі бағыттас өзара екі кісінің шаңырақ болуы керек болса, рухани медет үшін бұлардан өзге, бұлардан ұлы, қоңыр қойдың қасқырға ғашықтығы тектес, мүмкінсіздіктерді елемес ессіз махаббат әрқашан ғұмыр – шұғыланың жарығы болмаса да, қызу жалыны бола алады. Біздің махаббат әне сондай! Тек бойды шымырлатып, жүректі дірілдетіп еске алар, сағыншқа айналған жұпар сұлулықтағы көркем ертегі, жылы аңыз .
Сенің суреттерің, екеуіміздің суреттерімізм – менің ең қасиетті елестерімнің ағып жатар қайнары секілденеді. Бәлкім, тек сурет болып бейнеленіп, тілмен айтып жеткізуге болмас жүректің ғажайып ағыстары берген сөйлемдер шығар бұл.
Тағы не деймін, қайда жүрсең аман жүр! Әйтеу сені сағынып жүретін, ұмытпайтын адамның бар екенін сезініп қана қойғайсың!
Біз шінмен айырылстық па?! Ия, солай сияқты!..
Қайыр-хош!

Қасірет жылы, қайғы айы, азап күні

———————-
Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Белгісіз жанның ғашықтық хаты


Түн.Үй іші тыныш.құпия жүрегіммен сырласып, келешекке құмарлана отырып, мелшиіп жалғыз отырмын. Терезе алдында отырып, қардың жапалақтап, айдың астында жауып жатқанын бақылап, көңіл-күйім, ойым тек СЕНде. Бұл өмірде біз тек қонақпыз. Оны білемін, бірақ неткен қиын дсеңші өмір. Қасыңда отырып, ЖАНЫМ деп те айта алмаймын. Өмірдің тағдыры ма? әлде өзіміз таңдаған жолы ма? Неге СЕН? Неге СЕН, деп жылайды жүрегім. Қарап тұрсаң күлкім келеді…. сен менің ағамсың ғой. Бірақ күндерім жылауменен өтеді. Сені қасыма жақындата алмаймын, Өзімнен жібере де алмаймын. Қашып кетейік деген сөзі, ата-анамызға қарабетдеген сөз. Мен өйтіп те алмаймын, бірақ арманым сонымен толы.
Қарашы , әйтеуір сондай күн туады. Мен тұрмысқа шығамын, сен біреудің отағасы боласың. Екеуіміз бір-біріміздің тойымызға келгенде қандай жағдай туады. Сол кезде жүрегім жарылып, сені қимай, жаман болатыы айдан анық. Бірақ, біздің қолымыздан не келеді? Екеуіміз жақын туыспыз, тағдырымыз бөлек. ЖАНЫМ, мен сені өмір бойы сүйемін. АЛЛА Тағала адам пендесіне бірақ шынайы махаббат жібереді екен, сол сен менің бүкіл өмірімнің махаббатысың. ЖАНЫМ, қайда болсаңда, кіммен болсаң да, бір тілерім бақытты бол. Бұл менің ақырғы әрі нақты сөзім қош бол….

Қош бол, қош бол Мейіржан,
Жоғалып түнің, атсын таң.
Бұрылып қайда тартсаң да,
Ақ күн шықсын алдыңнан…
……………………………………………………………………………………………
«Махаббатсыз дүние бос»-деп Абай атамыз айтқандай, шын мәнісінде махаббатсыз дүние бос. Егер де жүректеріңізде махаббаттың кішкене ұшқыны болса, өшіріп алмаңыздар. Жандарыңыздағы жұптарыңызды қадірлеп, қастерлеңіздер. Ал, егер де жауапсыз махаббаттың құрбаны болсаңыз, онда мойымай, сол ғашық үшін күресіңіз. Өйткені, махаббат соған тұрарлық. Қазір бізді тыңдап отырсаңыз, уақытыңызды босқа жіберемей, мейлі жауапты, мейлі жауапсыз махаббатыңыз болса, нәзік сезіміңізді білдіріп, өзіңізді де , өзгені де бақытты етіңіз.

%d bloggers like this: