Category Archives: Қазақы ғаламнан бір үзік сыр

Ұлттық ерекшелік, қазақтың өзіне ғана тән болмыстары

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

Қазақ газеті

Қазақ газеті

«Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Read the rest of this entry

Сазгердің соңғы монологы


Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе? Read the rest of this entry

Қызыл ішік

Иілгенде су алғалы суаттан,
Қырдың қызы қып-қазыл киген ішік.
Су жымияр
Сезіліп қуанғаны
Секілді бір келгендей үйрек ұшып.

Мөлдірлікке толтырып ақ шелегін,
Аттағанда аһ ұрды жаралы мұз.
Бір ақынның жатқа айтып жақсы өлеңін,
Жалғыз аяқ жолменен барады қыз.
Read the rest of this entry

Екі көзі төрт болған…

Екі көзі төрт болған...

Екі көзі төрт болған...

Мейлі қай жерде болмасын алысқа кеткен баласын, студент атанып шалғай қалада жүрген құлыншақтарын сағынған ата мен ана қазақ жұртының әр шаңырағынан табылады. Мына суреттегі үй біздің қыстаудағы үйге қатты ұқсайды екен. Көріп көңілім босап, жаным құлазып қалды. Мені де осылай күтіп отырған болар…

Отыздың ойлары

.Тіріңде мақталғаннан көрі, көз жұмған соң датталудан қорық.
.Әлемнің тарлығын пиғылың кеңейген күні білесің.
.Жапаны рахатқа айналдыра білу – тұрмыстың шеберлегі.
.Махаббат – назға толы ғашықтық күйінің сыңғыры, неке – отбасындағы қазан-аяқтың сылдыры.
.Ақылды күндемейді. Күндестік – өзіңнің әлжуәздығыңның дәлелі.
.Қимасыңды қиғанда ғана қияметке қолың жетеді.
.Сөйлей білудің алғышарты – тілге тиек қоя білу.
.Досың мен дұшпаның – екеуі де көңіл қоймаңның құпиясына қызығушы.
.Сорды бақытқа, төзімді ләззәтқа айналдыратын – үміткерлік.
.Жақсы істің де жаман жағын ойлай жүр, жаман істе тәтті үмітке бойлай біл.

Нұрлының жазбалары

Қазақстанға шетелдегі қазақтардың керегі жоқ

Қазақстанға шетелдегі қазақтардың керегі жоқ екен. Жақынғы күндерден бері шетелден Қазақстанға келе алмай жатқан қандастарымызбен және Қазақстанға келіп алып азаматтық ала алмай жүрген қандастарымыздың ызасы мен шенеуніктердің саяси ұпай үшін айғайлаған жалған ұранынан мен осыны ұқтым. Шетелдегі қазақтардың отаншылыдығы, қазақтың ұлттық тәуелсіздігі мен егемен ел болып өмір сүруі елдегі жергілікті қазақтардан әлде-қайда жоғары болмаса кем емес. Әлемнің сан түкпіріне тарыдай шашылған қандастарды жинау қазіргі Қазақстандағы орындалуға тиісті бірінші мәселе деп қарайды олар. Қазақстан бізді керек етпейді деген түсінік тіптен ойыда жоқ дүние. Read the rest of this entry

«Сүрі қар»- дан үзінді

Жұмабай Біләлұлы

Жұмабай Біләлұлы

Жазушы Жұмабай Біләлұлы ұлттың өзгеше әлеуметтік ортасы мен мәдениетін өзек ете отырып, ұлттың тарихи кешулеріне, өңірлік ықпалдарға, өмірлік, әлеуметтік үрдістеріне терең барлау жасап, ұлттық тұрмыстың алуан түрлі нақыштары арқылы ұлттық ерекшеліктерге бай шығармалар беріп келеді. «Сүрі қар», «Келіншек», «Тұмар» қатарлы шығармалары ұлттың рухани әлеміне бойлап, дала халқының таза мәдени болмысын баршаға әйгілеп, ұлттың тарихи үрдістегі өшпейтін, үздіксіз өсіп отыратын факторларын шынайы түсініп бейнелеген шығармалар еді. Сонымен бірге Ж.Білалұлы ұлт мәдениетіне байыпты, әрі объективті ой жүгіртіп, ұлтының өзгерген, әрі өзгеріс үстіндегі психологиясын қырағылықпен көркемдік кестеге түсіріп үлгерген жазушы. «Сүрі қар» атты әңгімелер жинағы мен «Шығыс арулары», «Жесір» атты романдары қытай тіліне аударылып басылым көрді.

Жұмабай Біләлұлының өмірі туралы мына жерден біле аласыз

Тау қыстағының қысқы ұзақ сары таңы енді ғана пердесін сыпырып барады. Қиыс арттағы Сәду сайының аузындағы таңғы жусадан енді тұрған бір топ жылқы андыздап, сонырқалап бытырай бастады. Өздері мазасыз, жаңа жауған көбік қарлы өлі даланың із-тозсыз тың бетін шұбарлап, астынғы сүрі қарды сырты жылтыр, сұр шегір тұяқтарымен тарпып, кеуектеп, еркіне көнсе ұлан қайыр жер түгін жалмап тауысуға асық секілді.
Read the rest of this entry

%d bloggers like this: