Category Archives: Қазақ жайы

Қазақ киносындағы соны леп

7-сәуір, яғни бүгін режиссер Ақан Сатаевтің фильмі «Ликвидатор» көрермендерге жол тартты. Көрдік. Сездік. Білдік. Нені көрдік? Ненні сездік? Нені білдік?

Көргеніміз

Шөбі мен шөңгесі көп, сүрінісі мен жаңылысы да жоқ емес қазақ бейне түсірілім тарихы тағы бір қуанды. Мені қуантқаны қазақ киносына экран арқылы адам жанына үңілу үрдісі, писхологиялық төңкеріс, қоғам мен адам, ашалап айтсақ қазақ қоғамындағы заң мен сақшы рөлін көтеруі және идеологиялық сипат алуы болды. Аз сөзбен айтқанда көргеніміз осы.

Сезгеніміз

Көтерген идеяның қуаты және режиссерлік шеберлік жағынан үлкен табысқа, соныға із салған. Бұл менің жай ғана көрермен ретіндегі эмоциям ғана. Бірінші көрілім, алғашқы әсер, әрине, өте жақсы. Еліміз киносындағы жақсы беталыс, кең таралған моды ағым киношылдыққа жоғары сауаттылықпен келіп өз көрермендерін, аудиториясын тәрбиелеу – бұл ертеден басталып, осы күні шырқау шыңына шығуға тиісті сала еді. Бірақ, бізде енді-енді халықтық сипатқа еніп келеді. Read the rest of this entry

Advertisements

Бүркіттің жасына байланысты атаулар

Бүркіттің жасына байланысты атауларды бірде жер-көктен іздеп таппай қойғаным бар еді. Бұл атаулардың қайдан шыққаны туралы мәліметтерді кейін қолыма түскенде шығарып қоярмын. Қазірше осы.

1. Балапан
2. Тірнек
3. Тастүлек
4. Ана
5. Қана
6. Жана
7. Мұзбалақ
8. Көктүбіт
9. Майтүбіт
10. Барқын
11. Баршын
12. Шүгел

Ескерту: рет номері бүркіттің жасымен сәйкес

Шайырдың жанды дауысы

Қазақ спортшылары, қайдасыңдар?

Мен жалпы қазақты бір кісідей-ақ сүйетін пендемін. Қазақ елі құдіретті ел, қазақ ұлты мықты ұлт болсын дейтін әрбір қазақтың азаматы оның құдіреттілігі мен мықтылығының бастауы жекелеген адамдардан басталатынын жақсы білуі керек деп ойлаймын. Соңғы жылдары спорт саясатқа айналды. Ол – халықарада мемлекет пен ұлттың тән сапасын, күш-қуатын әйгілейтін қорғасынсыз құралға айналды. Read the rest of this entry

Қазақтың қазысы дүниежүзі гинес рекордтар кітабына енді

2011 жылы қаңтардың 23 жұлдызы күні Шынжаңның Ғұлжа қаласында Мақтал, Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 кг. келетін қазақтың қазысын жасап шыққан. Дүниежүзі гинес рекордтарын бағалау комиссиясы қазақы қазыны «Дүние жүзіндегі ең ұзын ұлттық дәмдегі қазы» деген арнаулы атақ тағайындаған. Еске алар болсақ, осыдан төрт жыл бұрын, яғни, 2007 жылы Үрімжі қаласындағы «Ақбұлақ» мейрамханасындағы жігіттер 90 метрлік қазы жасап гинестер рекордын жасаға болатын.

Торап әдебиеті еріккенің ермегі емес

Мәдениет  Мұқатайұлы, әдебиет  сыншысы, ақын

Торап  әдебиеті  – көкейтесті ойлар  айтылатын  тілі  орамды, дәл, көркем, бейнелі, жанды, көп  өнер  тоғысқан  жазба  әдебиеттің  қоқсығынан  ада  таза  әдебиет. Әдебиет  – тумысынан жаңашыл  жанр, жалпылық  жанр  екені  торап  әдебиетінде  тіпті  де  сәулеленеді. Торап  әдебиеті  – информациялық қамытымы  ең  мол  әдебиет. Read the rest of this entry

Қазақ айтысы қара нарынан айырылды

[/caption]

Қазақ айтыс өнері қара нарынан айырылды. Килеі өнердің атасы ретінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы айтыстың айшықты үлгісін жасап, үлкен мектепке айналған ақсақалымыз Құрманбек Зейтінғазыұлы дүниеден озды. 1977 жылдан бастап айтыс саханасынан түспей келе жатқан ақын жарты ғасырға тілін тістеген айтыс өнерінің тамырына қан жүгіртіп, өнер өлкесін жандандыруға үлкен үлес қосқан тұлға. «Халқымның қазыналы өнерін өлтірмей, бүгінгі ұрпақ еншісіне аман-есен тапсыруды мұрат еттім» – деген аталы сөз қалдырған-тұғын ақынның өзі. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: