Category Archives: Қазақ поэзиясы

Шайырдың жанды дауысы

Advertisements

МЕН ЕНШІМДІ АЗ АППЫН

Мен еншімді аз аппын,
Әкеміз де аз алған.
Баласымын қазақтың,
Құрт жеп тісі қажалған.

Кезінде ойлап білген бе едік,
Кей құрбыға наз айттық.
Құрт сияқты бірден жеп,
Өмірімізді азайттық.

Өлеңнің авторы: Құмарбек Сахарин, ақын, жазушы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Көгілдір қателік

Сені сүю –
Әрине, қателесу!
Сол қателік жүректі мәпелесін.
Шашы ағарған масаңдау махаббатты,
Сен жетелеп алдыма әкелесің.
Саған емес,
Ғашықпын елесіңе…
Жапырақтың жаралы денесінен –
Қабылдадым,
Мұңның иісі аңқыған ән ырғағын.
Көрдім солай көгілжім көкжиектен,
Жас ғұмырдың жап-жасыл тамырларын.
Жасыл тамыр…
Жанып тұр тым биікте.
Read the rest of this entry

Сазгердің соңғы монологы


Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе? Read the rest of this entry

Балапан Рабатов өлеңдерінен

Балапан Рабатов – белді ақын, қарымды журналист. Қазір, Орталық Қазақ радиосында жұмыс атқарады.

АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ

ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ

Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.
Read the rest of this entry

Қызыл ішік

Иілгенде су алғалы суаттан,
Қырдың қызы қып-қазыл киген ішік.
Су жымияр
Сезіліп қуанғаны
Секілді бір келгендей үйрек ұшып.

Мөлдірлікке толтырып ақ шелегін,
Аттағанда аһ ұрды жаралы мұз.
Бір ақынның жатқа айтып жақсы өлеңін,
Жалғыз аяқ жолменен барады қыз.
Read the rest of this entry

Бейішті су басыпты…

Айтшы айнам, енді қай бір жаққа асығам,
Етемін ғой соы бір шаққа шыдам.
Бейішті су басыпты,
Тамшы тамып
Тұр ғой сенің көздерің – қақпасынан…

Қалау Сәлеметбайұлы

%d bloggers like this: