Category Archives: Қазақ прозасы

Қазақ әдебиетіндегі көркем сөздің айдыны болған прозалық шығармалар

НЕСІБЕ(Әңгіме)

Сен сонда барасың… Мен жеп тауыса алмай кеткен несібені сен теріп жейсің!..
Шоқанның хаты

Саркідір дала. Қуаң төстен ыстық самал желпіп өтеді. Буалдырлай сұлаған көгілжім таудың аспанмен жымдасқан тұсында болаз тартып бұлт ілінген сияқтанады.
Жалғы-ы-ы-ыз келе жатыр. Ілбіген аттың көзі көрсін деді ме, жоқ әлде, сипай өткен қайысты да атына ауыр көрді ме, ол қамшы ұшын оң жақ үзеңгілігі тұсынан серпе тастады да жануардың қос құлағы мен көз тұсына телмірген күйі отыра берді. Аттың әрбір аяқ басысындағы күйі тақымынан зыр етіп өтіп өз күйіне алмасып, өз күйі серпе тастаған қамшысымен бірге кейде қараған басында, кейде бұрқ етіп жерге түсіп жатқандай.
Алдына қарап еді үлкен өзекке келіп қалыпты. Бұрылып көкжиекке бір көз салып өтті де, манадан бері қалай байқалмай келе жатқан дегендей мойнын созып тұрып маңдай тұстағы мұнарды ұзақ шолып тұрды. Тебініп қапталдай жөнелді. Қоржын басындағы торсыққа қол жүгіртіп шайқап көріп еді едауыр екен.
Қарсы қабақтың жылыстап келе жатқан көлеңкесінде барандап жатқан атжол бұлармен жасырынбақ ойнағандай, шұқшия қараған кісіге тағы бір басын шумақтап ап өрлі-қырлы қашқан асауға лақтырған шалмадай үш-төрт салаға бөлініп, иіріле келіп қайта айқасып кетеді. Read the rest of this entry

Advertisements

КӨКАЛА БӨЛТІРІК

Шолақ жүз қойы бар.Сонымен-ақ,әкем өзегі талып көрген жоқ-ау.Сүре жол, асуларға соқпай сиырлы көшпен сып беріп шыға келетін де,қиыр,шет қонады ол.Бірақ,жаңа жер.Тың өріс.Ұмытқам жоқ,қоныс сайын көрерім:Дәу ағаш,биік тастар.Құс,аңы қаншалық!
Бала қойшының бүгін «басы ауырып»,қой шетіне әкей шыққан.Қыңқылдап ем,мені де мінгестіріп алды ол.Қыратпен шұбалып,қойлар ойпаңға таман ойысты.Бәрін бастап ақ серке мен қара қой жүр.Қара қой қораның сәні.Шанда бір ұшырайтын –төрт мүйізді әм,үлкен,жарықтық!
Қыраттың әр жерінен әкем бөріктей, көк бұйра шөпті көрсетіп:
– Мынау, «қасқыр жем».Шіркіннің шығысы-ай! Оны жеген қасекең,қойға қарамас дейді. «Қасекең» дегені- қасқыр.Мен ұға қоятындай,бөрінің ұзын-сонар әңгімесін айтты.Атын естиім оның,қандай мақұлық екенін көргем жоқ.Көз алдыма өзім қорқатын «Тырнақбай» дейтін біреу құсап елестейді.Қасқыр баяғы-Тырнақбай.
Шоқ рғай түбі,Әкем көлеңкеде отыр.Қарай тұру үшін,мені атқа мінгізе қойған.Маңымыз бітік шөп,бүрген.Бірақ ат үстіндемін,қойлар анық көрінетін.Әлде бір ара ызыңдап бетіме тайай,оңды-солды мен сабалана бастадым.Бір уақ қамшы да тиді-ау,ара тырс етіп,жалпақ тастың үстіне түскен.Мақтанып,әкейге қарайым.Онымен ісі жоқ,сыпырған тақыр жерге ол,құмалақ салып отыр.
Арамен айланысуым, «Мақтануым» бар,кешіге қалыппын.Қарсам керемет! Төрт мүйізді қара қой мен бір «Ит» ойнап жүр.Сол ит-ала,көкала болып көрінді маған.
– Ә-әй!-дейім дабыстай.
Әкем «тоқта!» деп,қатқыл қабақ танытты.Оның: «Қасқыр», «Бөлтірік» деген күбірін естідім.Ат басын шоқ рғайға бұрып,біраз сығаладық.Қой мен қасқыр кет ары емес.Қара қойдың белінен қарғыған ол,ар жағына әрең түсіп,тұмсығымен жер сүзеді.Ту-у,бөлтірік бауырынан өткен қойымыз да,көтеріле барып,тырабай асқан…
Сәлден кейін айқай салдық.Бөрі өз бетімен кетті.
– «Қасқыр жемнің шығысы биыл бөлек! Мұны жеп,бөлтірік қойға қарай қоймас»-дегенін,әкей тағы бір қайталады.Міне одан бері жер басып жүрміз.Мұндай «ойын» көрмедім.Әйтеуір,көкала бөлтірік пен қой көз алдымнан шықпайды.

Авторы: Серік Қапшықбайұлы

Не жасалса да жақсылыққа

Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, айнала ақ түтек болады. Теңізге шыққан балықшылар жоқ таппай ауылға қайта алмай қалады. Түні бойы жақындары, жұбайлары мен балалары уайым ішінде ұйықтай алмай Құдайға балықшылардың амандығы үшін жалбарынады. Түннің ортасында үйлердің бірі жанып кетеді. Өртке қарсы күресе алмай жарты сағат ішінде үй толығымен жанып күл болды. Read the rest of this entry

Отыздың ойлары

.Тіріңде мақталғаннан көрі, көз жұмған соң датталудан қорық.
.Әлемнің тарлығын пиғылың кеңейген күні білесің.
.Жапаны рахатқа айналдыра білу – тұрмыстың шеберлегі.
.Махаббат – назға толы ғашықтық күйінің сыңғыры, неке – отбасындағы қазан-аяқтың сылдыры.
.Ақылды күндемейді. Күндестік – өзіңнің әлжуәздығыңның дәлелі.
.Қимасыңды қиғанда ғана қияметке қолың жетеді.
.Сөйлей білудің алғышарты – тілге тиек қоя білу.
.Досың мен дұшпаның – екеуі де көңіл қоймаңның құпиясына қызығушы.
.Сорды бақытқа, төзімді ләззәтқа айналдыратын – үміткерлік.
.Жақсы істің де жаман жағын ойлай жүр, жаман істе тәтті үмітке бойлай біл.

Нұрлының жазбалары

«Сүрі қар»- дан үзінді

Жұмабай Біләлұлы

Жұмабай Біләлұлы

Жазушы Жұмабай Біләлұлы ұлттың өзгеше әлеуметтік ортасы мен мәдениетін өзек ете отырып, ұлттың тарихи кешулеріне, өңірлік ықпалдарға, өмірлік, әлеуметтік үрдістеріне терең барлау жасап, ұлттық тұрмыстың алуан түрлі нақыштары арқылы ұлттық ерекшеліктерге бай шығармалар беріп келеді. «Сүрі қар», «Келіншек», «Тұмар» қатарлы шығармалары ұлттың рухани әлеміне бойлап, дала халқының таза мәдени болмысын баршаға әйгілеп, ұлттың тарихи үрдістегі өшпейтін, үздіксіз өсіп отыратын факторларын шынайы түсініп бейнелеген шығармалар еді. Сонымен бірге Ж.Білалұлы ұлт мәдениетіне байыпты, әрі объективті ой жүгіртіп, ұлтының өзгерген, әрі өзгеріс үстіндегі психологиясын қырағылықпен көркемдік кестеге түсіріп үлгерген жазушы. «Сүрі қар» атты әңгімелер жинағы мен «Шығыс арулары», «Жесір» атты романдары қытай тіліне аударылып басылым көрді.

Жұмабай Біләлұлының өмірі туралы мына жерден біле аласыз

Тау қыстағының қысқы ұзақ сары таңы енді ғана пердесін сыпырып барады. Қиыс арттағы Сәду сайының аузындағы таңғы жусадан енді тұрған бір топ жылқы андыздап, сонырқалап бытырай бастады. Өздері мазасыз, жаңа жауған көбік қарлы өлі даланың із-тозсыз тың бетін шұбарлап, астынғы сүрі қарды сырты жылтыр, сұр шегір тұяқтарымен тарпып, кеуектеп, еркіне көнсе ұлан қайыр жер түгін жалмап тауысуға асық секілді.
Read the rest of this entry

Жұмабай Біләлұлы және жазушы қалыптастырған «Жұмабай прозасы» туралы

Жұмабай БІЛӘЛҰЛЫ

Жұмабай БІЛӘЛҰЛЫ

Қытай осы заман қазақ әдебиетіндегі жаңашыл, ізденгіш, жоны биік, жоталы жазушыларының бірі Жұмабай Біләлұлы 1941 жылы тамыз айында Тарбағатай аймағы Дөрбілжін ауданының Қотаншы-Қожыр жайлауында дүниеге келген. Ж.Біләлұлы 1951 жылы «Іле газетінде» жарияланған «Қараңғы түнде» деген әңгімесімен жаңдайы жарқырап әдеби жасампаздық майданына кірді. Жазушының бүгінгі күнге дейін «Дала торғайлары»(роман), «Кешкен күндер»(әңгіме-повесттер жинағы), «Ата дәулеті»(әңгімелер жинағы), «Қоңыр таудың күңгірі»(повесттер мен әңгімелер жинағы), «Көненің көзі», «Жеті қарақшы»(әңгіме-повесттер жинағы), «Арулар»(роман), «Боз жігіттер»(роман) сияқты кітаптары жарық көрген. Шығармалары қытай тіліне аударылып қытай әдебиеті әлемінде зор дүмпу тудырған.
«Қоңыр таудың күңгірі» атты повесті қытай тіліне аударылып, басылым көргеннен кейін, қытай сыншылары оған «дүниелік өреде жазылған» деп жоғары баға берген. Шығарма, тек Жұмабай сынды жазушының ғана қалам құдіретінен туған көркем туынды, сондай-ақ, ана топырағымыздан өнген осы соны көркемдік жарты ғасырдан астам уақыт қиралаң жол үстіндегі қытай қазақ әдебиетінің бөлекше табыстарының бірі деп санауға болады.

Қайнар: «Жұңго осы заман қазақ әдебиеті» кітабы, авторы: Қаусылқан Қамажанов

Мұхтар Әуезовтың ғашығына жазған хаты

Аяулы Ғайниым менің!

Көптен хат жазған жоқ едім, сіз соған ашуланып жүрген жоқ па екен деп қорқып та отырмын, ал, бұдан он бес күндей бұрын мен өзім ашуланып жүр едім. Сізден хабар күтіп, әркім өз атына келген хатты сұрап алатын жерге ондаған рет барған шығармын. Төзімім таусылған соң, жедел хат жолдадым.
Содан өзіңізден телеграмма да, хат та алған соң барып, қатты қуанып, бұрынғыша көңілім орнығып, жаным жайланып қалды.
Мәскеуден оралғаннан бері мен біздің «Абай» атты пиессамызды әр жерде оқумен, оны талқылаумен және репертуарға ендіру ісімен айналысып, ылғи қолым босамады. Ол туралы орысша газеттерде әлі пікі айтылған жоқ. Өйткені орысша мәтінін оқыған жоқпыз(жуықта болып қалар), ал, қазақша мәтінін үлкен-үлкен аудармалар да әр жерде оқыдым.
Қуанышыма сізді ортақтастыруыма болады. Пиесса жоғары бағаланып қабылданды. Соңғы 15-20 жылда бұл пиессаға тең келер туындының қазақ әдебиеті әлі дүниеге әкелген жоқ деседі. Қазір оны Қазақстанның жирма жылдығына арнап қоюды жоспарлап отыр. Қазақ театрында да, орыс театрында да қатар қойылмақшы. Қазақ газеттерінде мақалалар да тұтас беттерде берді, үзінділер берді. Міне соңғы кезде мен айналысқан шаруалар осындай.
Қол жеткен табысы күмәнділеу, дау-дамайы да жеткілікті спектакл ретінде қазір біздің операда ненің либреттон бойынша «Бекет» атты опера жүріп жатыр. Оны Тәшкенттен келген сіздің бір Үмберов деген танысыңыз көрді және ол өзі біздің үйде жатты да, мен одан сізге телефон шалуды, сүйтіп үйіңізге де кіріп-шығып менің сәлемімді жеткізуді өтінген едім.
Аяулы Ғайниым туралы ойлаудан, оны ылғи есіме алуден және сүюден айныған емеспін.

07.02.1940

(Жалғасы бар)

%d bloggers like this: