Category Archives: Әзіл сұрауға әзіл жауап

Шындықты ішіне бүккен күлкілі сұраққа, ақиқатын жасырып қалмас әзіл жауап

Сәбет одағы қалай ыдырады?

Сәбет Одағының басшылары бір пойезға отырып саяхатқа шығыпты. Бір күні реліс ең шегіне жетіп, пойез тоқтапты.
Ленин үндеу салып:
− Дереу пролетарларды(жоқ-жітіктерді) сенбі күні де борышты жұмыс істейтін етіңдер, темір жолды жөндесін, коммунизмге жеткенше!..
Сталин темекісін бұрқырата қатаң үнмен:
− Маған бір миллион абақтыны реттеп беріңдер, жолды жөндемесе атқызамын!..
Бәтіңкесін тоқылдатып Хрущев шығыпты:
− Артта қалған релісті алдыға жалғаңдар, жалғасты ілгерлейміз!..
Брежинов қолын бұлғақтатып:
− Орындарыңда отырып, арлы-берлі қопақтап қозғалыс жасаңдар, пойез жалғасты алға қарай кетіп бара жатқандай елестейтін болсын!..
Ең соңында Горбачев айтыпты:
− Пойезді шағыңдар, реліс бар жерге жеткенде қайта құрастырамыз!.. – депті.
Сонымен Сәбет Одағы ыдырапты-мыс.
Ал, біздің пойездің жүрісі қазірше жеңіл.

—————————–
Қайнар: «Сен – қазақ» сайты
Сурет: http://www.baidu.com

Advertisements

Әзіл сұраққа әзіл жауап

1. Мен кәмпитті жақсы көремін, бірақ, кәмпит жесем тісім ауырады, қайтсем болар?(Құлжа қаласынан: Азат)
Ж: Онда кәмпитті шайнамай жұта салыңыз.(Үрімжіден: Ерлан)
2. Мен о дүниедегі досыма хат жазбақшы едім, бірақ, оны жіберетін почта таба алмай жүрмін, не істесем болар екен?(Шәуешек қаласынан: Арман)
Ж: Почталион сіз болсаңыз почта табылар еді. (Күнес ауданынан: Еркін)
3. Кітаптың алдына «кіріс сөз» жазылып, соңына «шығыс сөз» жазылмайтыны қалай?(Буыршын ауданынан: Жомарт)
Ж: Іліп-шалып шыға жөнелмей, көбірек үңілсін дегені шығар.(Құлжа қаласынан: Тұрлыбай) Read the rest of this entry

Көлеңкеде өскен ит…

Сұрақ: Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық дегенге қалай қарайсыз?
Жауап: Өздері сол кісілерден кәрі болған соң еркелеткені ғой. Жаман қой ісегінде кәртейеді.

Сұрақ: Мың долрға шалынып жығылсаң нетер едің?
Жауап: Жығылып жаралап алған жерімді емдетер едім.


Сұрақ
: «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», қазақ тілін білмеген, не сұмдықтың белгісі?
Жауап: «Көлеңкеде өскен ит күнге қарап үреді», орысшасын сайрап кеп қазақшаға күледі. Не сұмдық болушы еді, бар сұмдық – осы.

Қуырдақтың көкесі түйе сойғанда…

Сұрақ: Қасқыритті қасқыр дейміз бе, ит дейміз бе?
Жауап: Қасқырит әкесіне тартса малды алады, шешсіне тартса малды бағады.

Сұрақ: Қыздардың тарту қуаты күшті ме, жігіттердің тәртібі атүсті ме?
Жауап: Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзер ме еді!?

Сұрақ: Осы күнде пенде күшті ме, теңге күшті ме?
Жауап: Аузында Алласы болса пенде күшті, болмаса теңге күшті.

Сұрақ: Жақында Англияда бір қора тауыққа түлгі тиіп, барлық мекиенді жеп кетіпті де, жалғыз қораз аман қалыпты. Сосын бір қора тауыққа ие бола алмаған қораз, шақырғанды қойып, ертелі-кеш жұмыртқа табатынды шығарыпты… сонда қазекемнің «күлге аунап табатын тауық па едім» дегені рас болғаны ма?
Жауап:
Е, қайран, құны түскен көп тауып-ай!
Қоразды тастап кеткен отқа былай.
Қос жынысты қызымет атқаратын,
«Қораз – тауық» жандардан сақта Құдай!

Ерді ер қылатын да, жер қылатын да – әйел, деген осы болар бәлім…

————–
Қайнар: http://www.kultegin.com/bbs

%d bloggers like this: