Category Archives: Өмір

Қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды

«Пекин таңы» газетінің хабарлауынша қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, 2 миллионнан астам адам көздеген мақсатын орындау барысында жан сақтау бөлімдеріне жеткізіліп, өмірге қайта келеді екен. Жас мөлшері 15-пен 34 аралығындағы жастар арасында өзіне қол жұмсау өлімнің ең басты себебі болып тіркеліп отыр. Read the rest of this entry

Advertisements

Арулар асыл жандар, ардақтылар…

Аяулы аналардың, сүйікті жарлардың, жанға жақын әпкелердің, қымбатты қарындастардың мерекесі құтты болсын!

Қазақ айтысы қара нарынан айырылды

[/caption]

Қазақ айтыс өнері қара нарынан айырылды. Килеі өнердің атасы ретінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы айтыстың айшықты үлгісін жасап, үлкен мектепке айналған ақсақалымыз Құрманбек Зейтінғазыұлы дүниеден озды. 1977 жылдан бастап айтыс саханасынан түспей келе жатқан ақын жарты ғасырға тілін тістеген айтыс өнерінің тамырына қан жүгіртіп, өнер өлкесін жандандыруға үлкен үлес қосқан тұлға. «Халқымның қазыналы өнерін өлтірмей, бүгінгі ұрпақ еншісіне аман-есен тапсыруды мұрат еттім» – деген аталы сөз қалдырған-тұғын ақынның өзі. Read the rest of this entry

Жолың болсын ақеділ орыс немесе ол қазақ тілінен қорықты ма?

Жаңа жылдың демалыс күндерінде Алматыда қоғамдық көліктердің бәрі жүрмей, баратын-келетін жерлерге такси жалдап «пырлдауға» тура келді. Ауылдан келіп, Сайран автобекетінен шықтым да, жол шетіне тұра қалдым. Ішімнен көше автобустарды сыбап қоям. Көшеде көлік те аз екен. Бір Toyota сырғып кеп тоқтады.
– Куда?
– Казгу.
– Сколька?
– Бес жүз.
Read the rest of this entry

Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді. Read the rest of this entry

Қасқыр мен арыстанның қайсысын таңдайсың?

Жаратушы екі топ қойды жайылымға жіберіпті, бір тобын түстікке, бір тобын терістікке. Жаратушы тағы екі топ қойға екі түрлі ата жуларын қоса жіберетінін аңдатыпты. Оның бірі арыстан, бірі қасқыр. Жаратушы қойларға былай депті:«Егер сендер қасқырды алсаңдар, мен тек бір қасқыр жіберемін, қасқыр сендерді кез-келген уақытта жей береді; егер сендер арыстан аламыз десеңдер, екі арыстан жіберемін, бірақ, біреуі менің қасымда болады, сендер кез-келген уақытта екі арыстанның орындарын алмастыра аласыңдар», депті. Түстіктегі қойлар «Арыстан қасқырға қарағанда жыртқыш, біз қасқырды таңдайық!» деген шешімге келіпті де, қасекеңді таңдапты. Read the rest of this entry

МЕН ЕНШІМДІ АЗ АППЫН

Мен еншімді аз аппын,
Әкеміз де аз алған.
Баласымын қазақтың,
Құрт жеп тісі қажалған.

Кезінде ойлап білген бе едік,
Кей құрбыға наз айттық.
Құрт сияқты бірден жеп,
Өмірімізді азайттық.

Өлеңнің авторы: Құмарбек Сахарин, ақын, жазушы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

%d bloggers like this: